jasqazaq.kz

Алматы полициясы арбаларды өртейтін «маньяктың» пайда болғанын жоққа шығарды

14 сәуiр 2021, 15:09

Бірнеше күн бұрын Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада тұрғын үй подъездерінің кіре берісіне қалдырылатын бала арбасы сынды заттарды қасақана өрттеуші қаскөй пайда болғанын мәлімдеді. Алматы қалалық ПД бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов өрт қоюшыларды ұстау үшін арнайы топ құрылғанын айтты. Сонымен бірге ол қалада жаппай өрт қою фактісі, әсіресе балалар арбасын өртеудің болмағанын айтты.

Алматы полициясы басшысының айтуынша, «102» нөміріне үш қоңырау ғана түскен: Бостандық ауданында өрттің бір фактісі және екеуі — Алмалы ауданында.

Таймерденов от қоюшы бір апта ішінде табылып, сот алдында жауап береді деп сендірді.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылы қаланың төрт ауданында (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу) 15 өрт тіркелгенін, онда да бірінші қабаттардың кіреберісінде қалдырылған балалар арбалары мен басқа заттар өртенгенін хабарлаған.

Жүргізілген тексеру шаралары бойынша өрттің барлық жағдайларында қасақана өрт қойылғаны анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы полиция департаментіне өткізілді, деп атап өтті ТЖД-дағылар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде