jasqazaq.kz

Алматы паркінде самокат пен велосипед тебуге тыйым салынды

17 шiлде 2020, 13:20

Алматы әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұраталиев Тұңғыш Президент паркінде самокат пен велосипед тебуге неге тыйым салынғанын түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz  хабарлады.

Instagram желісінде rozysk_kz парақшасындағы тікелей эфир кезінде әкімшілік полиция басқармасының басшысына Тұңғыш Президент паркінде самокат пен велосипед тебуге неге тыйым салынғаны туралы сұрақ қойылған.

«Бұл аумақ көлік жүретін бөлік емес және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар санатына жатпайды. Сондықтан, бұйрықты аудан әкімдігі немесе қызмет көрсету ұйымы белгілейді. Шектеу балалар мен басқа жаяу жүргіншілерді самокатпен құлатып кету сияқты жазатайым оқиғаларға байланысты енгізілді.

Менің де есімде. Осыған байланысты велосипед жолы алынып тасталды. Қазіргі уақытта электрсамокаттар жылдамдығы сағатына 30-40 шақырымға жүретінін білесіздер. Қатты айдаған кезде жаяу жүргінші не жүргізушінің өзі зардап шегуі мүмкін», — деп жауап берді Жандос Мұраталиев.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде