jasqazaq.kz

«Алматы-Өскемен» жолында автобус аударылды

25 қыркүйек 2019, 10:21

Бүгін таңғы сағат 06:20 кезінде «Алматы-Өскемен» автожолының бойында, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Айғыржал ауылының тұсында жол апаты болды.

Бүгін таңғы сағат 06:20 кезінде Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Өскемен» автожолының 812 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. «Қазіргі мәлімет бойынша автобус жүргізушісінің ұйықтап кетуі салдарынан автобус аударылған. Көлікте 23 жолаушы (оның ішінде 14 адам Моңғолия азаматы) мен 2 жүргізуші болды. Көлік апатынан 4 адам зардап шекті», — делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде. Ведомствоның хабарлауынша, автобус техникалық тексеруден биыл 17 маусым күні өткен. Аталған жол учаскесінде «К-Дорстрой» АҚ тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жол-көлік оқиғасы орын алған бұл учаскеде жол белгілері орналасу тәртібіне сәйкес орнатылған. «Оқиға орнына «К-Дорстрой» АҚ өкілдері мен Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары барды. Қазір көлік апатының мән-жайы анықталуда», — делінген хабарламада.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде