jasqazaq.kz

Алматы орталығында жатақхана өртеніп, бір адам қаза болды

14 желтоқсан 2019, 21:22

Алматының Алмалы ауданында 4 қабатты жатақханадан өрт шықты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгін сағат 17.45-те «101» пультіне Алматы ауданы, Әуезов көшесі, 62 «а» мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сағат 17.55-те жеткен құтқарушылар 4 қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлме ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтаған», — деп мәлім етті ТЖД-дан. Қою түтін салдарынан тұрғындар далаға жүгіріп шығып, өрт сөндірушілерге хабарласқан. Сондай-ақ өрт шыққан бөлмеде адам болуы мүмкіндігін айтқан. «Адамдарды іздеу және тілсіз жауды ауыздықтау үшін газтүтіннен қорғау қызметінің 2 бригадасы жұмылдырылды. Осы мақсатта үшінші қабаттағы терезеге дейін үшиінді саты орнатылып, жалынды өшіруге өрт сөндіру оқпаны берілді. Онымен бір мезгілде эвакуация жолдарын қорғау үшін екінші оқпан пайдаланылды», — деп қосты баспасөз қызметінен. Бөлмеден бір адамның мәйіті табылды, жынысы және тұлғасы анықталу үстінде. Қолға алынған шаралардың арқасында өрттің жатақхананың қабырғалас орналасқан бөлмелеріне және өзге қабаттарға таралуына жол берілген жоқ. Жалын 17.59-да оқшауланып, тағы 10 минуттан кейін толығымен өшірілді. Залал келген аумақ — 20 шаршы метр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда