jasqazaq.kz

Алматы орталығында ер адамды ток ұрды

11 қазан 2017, 13:07

Алматы орталығында ер адамды ток ұрды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға Гоголь көшесінің бойында болды. «Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан уақытта жұмысшыны ток ұрды. «Қазіргі уақытта жедел жәрдем көлігі оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Болжаммен оған «электртравма» диагнозы қойылған. Жағдайы ауыр», — деді Алматы қалалық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Оқиғаның куәгері Индира Хаметчина Facebook желісіндегі парақшасында былай деп жазды: Құрылыс жұмыстары кезінде менен және балаларымнан бір метр жерде жарылыс болды. Жұмысшы қатты зардап шекті. Біз есеңгіреп қалдық, алайда саумыз. Жақын жерде жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатқаны қандай жақсы болды. Ер адамның жағдайы дұрысталып кетеді дегенге сенемін». Алматы қалалық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметіндегілер оқиға орнында жарылыстың болмағанын айтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде