jasqazaq.kz

Алматы орталығында бойжеткенді тұншықтырып өлтіріп артынша өртеп жіберген

08 қараша 2021, 10:34

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, артынша өртеп жіберген деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды тұншықтырып, одан соң өртеп жібергені туралы ақпарат тарады.

«Алматыда Достық, 138 мекенжайында орналасқан «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтірген. Алдымен тұншықтырып, кейін өртеп жіберген. Учаскелік полицияға бұған дейін тәулікке берілетін пәтерлерде притон бар екенін бірнеше рет айттық. Бірақ олар тұрғындардың сөзін елемеді. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр», — делінген желідегі жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады. Аталған дерек қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни «қасақана адам өлтіру» фактісімен іс қозғалған.

“Іс Медеу ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», — деп мәлімдеді полиция.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр