jasqazaq.kz

Алматы орталығында 13 түп ағашты заңсыз кескендер жазаланды

24 қараша 2020, 10:45

Алматыдағы Төле би мен Әуезов қиылысының маңындағы ағаштардың кесілуіне байланысты қала әкімдігі өкілдері пікір білдірді.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 23 қарашада Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының, Алмалы аудандық ПБ табиғатты қорғау полициясының және қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің мамандары Төле би көшесі, 187 мекенжайына мән-жайды анықтау үшін барған.

«13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілгені анықталды. Sulpak мердігерлері — «Сакура» ЖК және «Бурибекова» ЖК — Төле би көшесі, 187 ғимаратының маңында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. «Arena S» (Sulpak) ЖШС, ғимарат иелері және екі ЖК — «Сакура» және «Бурибекова» арасында абаттандыру, су бұру науасын, тротуар плиталарын бөлшектеу, құнарлы қабатты кесу және тағы да басқа мердігерлік келісімшарттар жасалғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Ал кесілген ағаштар бойынша келтірілген залалды анықтау үшін Жасыл экономика басқармасы Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне сауал жіберетіні, оның жауаптары бойынша осы заңбұзушылықты саралау жүргізілетіні айтылады.

«Сакура» ЖК директоры А.Чертихинге қатысты полиция ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі «Түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын қосымша хабарлаймыз. Айыппұл — 20 АЕК, 55 560 теңге. Іргелес аумақты уақтылы жинамағаны үшін «Бурибекова» ЖК-ке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде 83 340 теңге сомасына әкімшілік хаттама толтырылды», — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тимур Елеусизов (@timur_yeleussizov)

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде