jasqazaq.kz

Алматы облысының тұрғыны ұлымның іш киімін шешкізді деп тәрбиешілерді кінәлауда

20 тамыз 2018, 22:06

Алматы облысындағы Шелек ауылының тұрғыны Сәния Рахматуллина жергілікті балабақша тәрбиешілерін 4 жасар ұлыма зәбір көрсетті деп айыптауда. Мүгедек келіншектің айтуынша, олар ұлының іш киімін шешкізіп, өзге балалар алдында масқара еткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сәния Рахматуллина, Шелек ауылының тұрғыны:

-Ол ұлымның іш киімін топтағы балалардың көзінше шешкен. Ұлым шыдамай кетіп қалайын десе, айғайлаған. Енді 4 жастағы Милатым тіпті үйде де шешінуге қорқады. Балабақшаға бармаймын деп азар да безер болады.

Ал мұны теріске шығарған балабақша басшылығы, керісінше, келіншектің өзі бізге күн бермейтінін айтып, оны сотқа бергелі жатыр екен. Үш жылдан бері сол Сәниядан мезі болдық дейді. Айтуларынша, ол балалардың алдында ән шырқаймын деп тәрбиешілерді ығыр етіпті. Онысынан түк шықпаған соң, ғимарат қабырғасына сурет салуға құлшынған. Күн сайын келіп, тәрбиешілермен қырылатын Сәния Рахматтулинаның үстінен ұжымдағылар арыз жазапты.

Кәмшат Қарақұлова, балабақша меңгерушісі:

— Мен аудандық білім бөліміне хат жібергем. Ол ата-ана ойына келгенді істеп жатыр. Ертең ол баласына қастық жасап, бізге жала жабады деп мен осылай жасағанмын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді