jasqazaq.kz

Алматы облысының тұрғыны күйеу баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды

11 наурыз 2021, 22:44

Алматы облысында 36 жастағы азамат күйеу баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Пышақ жарақаты жәбірленушінің жүрегіне салынған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурыз күні түнгі сағат 22:15-те Қарасай аудандық Полиция басқармасына көшеде ер адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Әйтей ауылына барған тәртіп сақшылары шағымды растаған. Тергеу барысында анықталғандай, мерт болған 37 жастағы ер адам әйелімен бірге енесінің үйінде тұрып келген. Оның мүрдесі сол үйдің маңындағы көшеден табылған. Жедел-іздестіру шарасы барысында 36 жастағы күдікті ұсталды. Ол мерт болған азаматтың әйелінің туған ағасы болып шықты. Күдікті қарындасының жолдасымен ішімдік ішіп отырып, жер учаскесіне байланысты сөзге келіспей қалғанын айтқан. Артынша далаға шығып, ас үй пышағын оның жүрегіне бір рет тыққанын мойындаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабының 1-бөлігімен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия