jasqazaq.kz

Алматы облысының тұрғыны киік мүйізімен ұсталды (видео)

03 тамыз 2020, 14:56

Алматы облысының тұрғыны киік мүйізінің төрт данасын өткізу кезінде ұсталған. Көлік құралын тінту барысында одан өзге тағы бес мүйіз автокөліктің астынан табылды.

– Белгісіз ер адамның киік мүйіздерін сатқысы келетіні туралы бізге жедел ақпарат келіп түсті. Ақпарат бірден жұмысқа қабылданды. Осылайша, біршама уақыттан кейін Талдықорған қаласында арнайы операция барысында Текелі қаласының 46 жастағы тұрғыны ақшалай қаражатты беру кезінде ұсталды. ҚР ҚК 339-бабының 1-1-б. сәйкес басталған сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында ұсталған азаматтың киік мүйізін қайдан сатып алғаны және қандай мақсатпен сатуға шешім қабылдағаны анықталатын болады. Барлық табылған заттай дәлелдемелер алынып, жалпы саны тоғыз киік мүйізі сараптамаға жіберілді, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр. Полиция ұсталған азаматтың іс-әрекетінде қылмыс белгілері байқалатынын еске салады, бұл киікті заңсыз аулау, жою, сондай-ақ заңсыз ауланған киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау әрекеттері. Қылмыстың бұл түрі үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Ақпарат көзі Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия