jasqazaq.kz

Алматы облысының тұрғыны 25 жол белгісін ұрлап кеткен

20 мамыр 2021, 12:11

Алматы облысында 32 жастағы азамат металл қабылдау пунктіне өткізу үшін 25 дана жол белгісін ұрлап кеткен. Оның әрқайсының құны 4800 теңге тұрады.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамыр күні түнгі сағат 02:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті байқаған. Талғар ауданының Панфилов ауылында аталған көлікті тексеру кезінде темірден дайындалған 25 жол белгісі табылған. Көлікті 32 жастағы азамат тізгіндеген. Айтуынша, ол жол белгілерін Тұздыбастау ауылына жақын жерден Үлкен Алматы каналы бойынан ұрлап алған. Мақсаты – темір қабылдау орнына өткізу.

«Әр жол белгісінің құны – 4800 теңге. Жалпы шығын көлемі – 120 000 теңге. Жол белгілерін ұрлау арқылы мемлекетке материалдық шығын келтіріп қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіресіздер. Жол белгілерінің болмауы салдарынан түрлі жол апаты болып, адам да көз жұмуы мүмкін»,- деді Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде