jasqazaq.kz

Алматы облысының соты карантинге жабылды

10 маусым 2020, 10:33

Алматы облысының соты карантинге жабылды. Ғимаратқа бөгде адамға кіруге болмайды, істерді қарау кейінге шегерілген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«COVID-19 короновирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты маусым айының 8-і мен 19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Енді сот ғимаратына белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. Облыстық соттың барлық қызметкерлері жеті күн үй карантиніне оқшауланады; облыстық соттың жұмысы қашықтан онлайн режимге ауыстырылып, кеңседегі жұмыс уақытша тоқтатылады; сот істерін қарау мейлінше кейінгі уақытқа шегеріледі. Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады; қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 107-бабы негізінде қаралатын материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан жұмыс режимінде қарайтын болады.

 

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова