jasqazaq.kz

Алматы облысының соты карантинге жабылды

21 қантар 2021, 10:50

Алматы облысының соты 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантинге жабылды.

Бұл туралы соттың Facebook -тегі парақшасынан мәлім болды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Алматы облыстық соты» РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы» қаулысымен облыстық сот және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантиндік шаралар енгізілді»,-делінген хабарламада.

Қаулы талаптарына сәйкес:

Соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне толық ауыса отырып, толығымен тоқтатылады;

Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;

Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады;

«Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды»,-деп жазады Алматы облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Е.Айтжанов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық