jasqazaq.kz

Алматы облысының әкімі Мәнізоров ісіне пікір білдірді

19 қараша 2019, 14:57

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз орынбасары Бағдат Мәнізоров ісіне пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Оқиға болғанда ол (Бағдат Мәнізоров – ред.) маған келіп, Алматыдағы бұрынғы жұмысы бойынша екенін түсіндірді. Жағдайын айтып, төлемсіз еңбек демалысын сұрады. Мен жібердім. Не болып, не қойғанын тергеу органдары анықтай жатар. Бірақ, мен оны жеке адам ретінде баяғыдан білемін. Ол Көксу ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Кейін маған келді. Екі ай ғана жұмыс істеді. Бұл аралықта оған бірнеше тапсырма бердім. Барлығын орындады. Мен оған «Арыз жаз, жұмыстан шық немесе мәселеңді тез арада шеш» деп айта алмаймын ғой. Адами тұрғыда қарау керек. Кез келген адам мұндай жағдайға тап болуы мүмкін», — деп жауап берді А. Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына. Оның айтуынша, әкім орынбасарының ісімен тергеу органдары айналысады. «Егер кінәлі болса, жауап береді, кінәсі болмаса – жұмысын әрі қарай жалғастырады», — деді Амандық Баталов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда