jasqazaq.kz

Алматы облысындағы жарылыстың салдарынан тағы бір адам көз жұмды

01 қыркүйек 2019, 18:13

Алматы облысының Райымбек ауылында болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Ол ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмды.

1981 жылғы ер адам 31 тамызда жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.

Ол ауруханаға кома күйінде түскен. «Бізге екі адам келіп түсті. Бір науқас реанимация бөліміне, ал екіншісі — травматологиялық бөлімшеге түсті. Біріншісі ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми соққысы және көптеген жара мен сынықтар алған. Нейрохирург кеңесінен кейін науқас бас сүйегінің трепанациясына алынды. Жасалған оталардан кейін де оның динамикалық көрсеткіштері тұрақсыз болды. Жүрек және өкпе жетіспеушілігі болды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен дем алған. Ол 20.20-да қайтыс болды», — деді Қарасай аудандық орталық аурухананың реаниматолог дәрігері Тұрар Ашмақын. Сондай-ақ, ол 1984 жылғы екінші ер адам травматологиялық бөлімнен реанимацияға ауыстырылғанын айтты. Оның жағдайы нашарлаған. «Ол жабық бас сүйек-ми жарақаты, ашық сынықтар алған, денесінің 15-20 пайызы күйген. Бет, кеуде қуысы, аяқтары күйген. Кеше сол аяғына ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты-ауыр. Динамикалық көрсеткіштер тұрақты. Емдеу консервативті», — деді дәрігер.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от DOROGI ALMATY 24/7🇰🇿____ (@dorogi_almaty_official)

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда