jasqazaq.kz

Алматы облысындағы тасжолды су шайып кетті

25 мамыр 2018, 12:45

Облыстық маңыздағы «Арықты-Қорғалжын» тасжолын су басып кетуі салдарынан жолда келе жатқан көлік жыраға түсіп кетті.
Baq.kz хабарлағандай, «2018 жылы 23 мамыр күні сағат 12:30-да Қорғалжын ауылынан 38 шақырымдық жерде облыстық маңыздағы «Арықты-Қорғалжын» тасжолының кей бөлігін су басқаны туралы хабар келді. Қатты соққан жел салдарынан жолдың 100 метр жерін тереңдігі 10-30 см аралығында су басқаны анықталды. Ол жерде кезекшілік ұйымдастырылып, жолдың су басқан бөлігінде жылдамдықты шектеу белгісі қойылды», — делінген баспасөз қызметі мәліметінде.
Сондай-ақ, елді мекендер мен Қорғалжын ауданындағы автожолдарды су басу жағдайы тіркелмегені және зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ екені айтылады.
«Автожолдың оң жағындағы жыраға УАЗ-3962 көлігі түсіп кетті. Оған жүргізушінің жолдың қауіпті бөлігінде қауіпсіздік шараларын сақтауға салғырт қарап, бағдарды жоғалтып алғаны себеп болған. Сағат 16:21-де көлік судан шығарылды», — делінген ведомствода.
Сағат 17:30-да жел басылғаннан кейін жолдың су басқан бөлігіндегі көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді