jasqazaq.kz

Алматы облысындағы су қоймасы бөгетінде ақау шықты

22 қараша 2021, 10:02

21 қарашада сағат 23.13-те Алматы облысының ТЖД-ға Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Су Қарғалы өзенінің арнасымен ағып кетуде, одан әрі Іле ауданының Күрті су қоймасына құяды (толтыру пайызы – 14%, жобалық көлемі-120 млн текше метр). Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу жоқ, облыстық маңызы бар «Мыңбаева-Қасымбек» автожолы арқылы су асу фактісі бар. Полиция қызметкерлері қозғалысты шектеу бойынша бекеттер қойды. Аққан судың көлемі төмендеуде. Қарғалы өзенінің арнасы бойынша визуалды бақылау жүргізілуде, қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығы бастаған ҚР ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі қызметтер бар. Оқиға орнында және ТЖД ғимаратында төтенше жағдайды жою штабы құрылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде