jasqazaq.kz

Алматы облысындағы көлік апатынан 5 адам мерт болды

03 қараша 2021, 18:44

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам мерт болды. Қайғылы жағдай Ұйғыр ауданындағы «Шоңжы-Ақсу-Ұзынтам» жолында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 10:25 шамасында «Шоңжы-Ақсу-Ұзынтам» жолының 3-ші шақырымында болған. «Алдын ала болжам бойынша «Audi» және «Nissan» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те отқа оранған. Екі транспорттың да жүргізушісі мен «Nissan» көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Шонжыдағы ауруханаға жеткізілді. Ол жерде екі адам көз жұмды. Ал 5 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр» — делінген ведомствоның хабарламасында. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде