jasqazaq.kz

Алматы облысындағы құйынның видеосы жұрттың үрейін қашырды

07 шiлде 2021, 12:25

Әлеуметтік желілерде ағаштарды құлатқан құйынның видеосы тарап жатыр. Кадрлар жұрттың үрейін қашырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Белгісіз адамдардың мәлімдеуінше, құйын Алматы облысы Райымбек ауданында болған.

«Жер полюстері ауысып жатыр», «Сұмдық, Құдай сақтасын», «Ақырзаман жақындады», — деп пікір жазған Желі қолданушылары.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

 

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің өкілдері биыл мұндай дауыл болмағанын хабарлады.

«Видео соңындағы құлаған ағаштар расымен біздің ауданда, былтыр шілдеде түсірілген. Ал бас жағындағы құйынның видеосы монтаждалған болуы керек. Еске салайық, 2020 жылы 3 шілдеде сағат 17:00-де Ойқарағай сілемінде дауыл болды. Салдарынан 32,7 куб метр Шренк шыршасы зақымдалды. Кейінірек құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді», — деп мәлімдеді Райымбек ауданы баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 2020 жылы 2 мамырды Түркістан облысы Ордабасы ауданы Аққойлы ауылында құйын болған еді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия