jasqazaq.kz

Алматы облысындағы апаттан жүргізуші көз жұмды (видео)

15 қыркүйек 2019, 22:01

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтіп, оның салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Шамалған станциясындағы жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза болды және 9 адам зардап шекті. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, оқиға орнында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бар. Алдағы ауруханалар күшейтілген тәртіпке өтті», — деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер. Ал мұның алдында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оқиғаның мән-жайын айтқан еді. Төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. «Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», — деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов. «Алматы облысы ТЖД Қарасай ауданы Шамалған станциясының теміржол жолында болған оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Байланыс телефондары (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қаласы ТЖД-де (8727) 2782083, 2782084 телефондары бойынша жедел байланыс ұйымдастырылды», — деп хабарлады ТЖК өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде