jasqazaq.kz

Алматы облысында жүкті келіншекті жол бойында босанып қалды

17 қараша 2020, 11:31

«Күрті» емханасының дәрігерлері жол бойында 20 жастағы жүкті әйелді босандырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алматы облысының «Күрті» медициналық-құтқару орталығына кеше сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел шағымымен жүгінді.

Күрті ТМСП дәрігерлері әйелді босандырды. Қыз бала өмірге келді. Оның қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Іле қаласының орталық аймақтық ауруханасында жатыр. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия