jasqazaq.kz

Алматы облысында жолда қалған 16 адам құтқарылды

06 ақпан 2019, 22:30

Талдықорған-Қапал тас жолында қарлы боран салдарынан жолда қалған 16 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 6 ақпанында 07 сағат 30 минутта Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекшілік диспетчерлік бөлімшесіне адамдардың жолда қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға «Талдықорған — Қапал» тас жолының Көшкентал ауылы маңында болған. Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан жолаушылар қар құрсауында жеңіл көліктермен тұрып қалған», деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен. Төтенше жағдай орнына 07 сағат 35 минутта шұғұл көмек көрсетуге Алматы облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы және 1 Камаз-Нефаз автокөлігі шықты. Нәтижесінде қар құрсауынан жасақтың құтқарушыларымен 16 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, 5 автокөлік қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Құтқарылғандардың арасында үсіп қалғандар мен зардап шеккендер жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде