
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқыс жағдай салдарынан автобус жолдан ұшып кетіп, аударылып қалған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Әйел адамның айтуынша, жол апаты сағат 11:00 шамасында Түймебаев ауылының маңында, Ащыбұлақ-Көкқайнар-Батыр тас жолында орын алды.
«Енді осы оқиғадан кейін біздің жергілікті органдары әрекет етеді деген ниеттемін. Әсіресе әкім Баталов мырза. Мен шұңқырларға толы бұл жолға қатысты арыз-шағымымды бірнеше мәрте айтқан болатынмын. Бірақ ешқандай нәтиже шықпады», — деп айтты оқырман.
Бейнежазбада жол апатынан зардап шеккен екі адам бой көрсетті. Әйел адамның айтуынша, олардың саны бұдан да көп.
Редакция оқиғадан нақты қанша адам зардап шеккенін анықтап жатыр.