
6 сәуір күні Алматы облысында жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты болды. Алматы – Жандосов тас жолында тежегішінен ақау шыққан автобус тоғыз көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жол-көлік апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты.
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы:
Барлығының жағдайы тұрақты. Қажетті медициналық тексерулерден кейін олар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге жіберіледі.