jasqazaq.kz

Алматы облысында жол апаты болды: адам шығыны бар (Видео)

20 желтоқсан 2021, 14:12

Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық нәресте көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігін басқарып, өзімен бірге Алматы қаласынан жолсеріктерді алып, Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек автожолымен жүріп келе жатқан 59 жастағы Сарыбастау тұрғынының басқаруымен ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бала алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды.

ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр