jasqazaq.kz

Алматы облысында жоғалған қыз Шымкенттен табылды

19 наурыз 2018, 14:36

Алматы облысында жыл басында жоғалған қыз Шымкент қаласынан табылды. 16 жастағы жасөспірім ата-анасымен ұрсысып, үйінен қашып кеткен.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар ауданындағы Ақтас ауылының 16 жастағы тұрғыны ата-анасына хат жазып, үйінен кетіп қалған. Полицейлер қыз баланың мұндай шешім қабылдауына үйдегі кикілжің және Шымкент қаласының тұрғынымен әлеуметтік желіде танысқаны себеп болуы мүмкін екенін айтады. Қаңтар айында із-түзсіз кеткен бойжеткен қазір Шымкенттегі колледждердің бірінде оқып жатыр. «Алматы облысының полицейлері жасөспірімді тапты. Қыз бала Наурыз мерекесінде үйіне барып қайтуы мүмкін. Тәртіп сақшылары онымен сөйлескеннен кейін қыз ата-анасына хабарласып, жағдайын түсіндірді», -деп мәлім етті облыстың ІІД баспасөз қызметі. Ведомстваның мәліметінше, қыз балаға ата-анасы оқуын Шымкентте жалғастыруға келісімін берген көрінеді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде