jasqazaq.kz

Алматы облысында жоғалған бір табын сиыр табылды

20 қыркүйек 2019, 16:53

Алматы облысының Көксу ауданында бір табын сиыр жоғалды. Жоғалған малды тәртіп сақшылары жылдам тауып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Лабасы ауылындағы екі шаруа қожалығының иесі 26 сиырдың жоғалғаны туралы арызданған. Олардың айтуынша малды бөгде адамдар айдап әкеткен. Шағым ресми тіркелгеннен кейін ауданның тәртіп сақшылары «жоқты» және күдіктілерді іздеуге шығады. Атты және автокөлікті топтар құрылып, ауыл маңын шолып шығады. Нәтижесінде жоғалған сиырлар шаруашылықтан 10-15 шақырым жерден табылған. Өз бетімен жайылып жүрген мал барымташылардың оңай олжасы бола жаздады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ірі қара мал иелеріне қайтарылған. Поилцияға хабарласқан азаматтарға өздеріне тиесілі мал мен мүлікке өздері жауапты екендерін түсіндіріліп, тәртіпе сақшыларының сиыр іздеуге біраз уақыт жоғалтқандығы ескертілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда