jasqazaq.kz

Алматы облысында «Жетісу» радиосы іске қосылды

02 ақпан 2022, 17:55

Бүгіннен бастап жер жаннаты Жетісу өңірінің өз радиосы хабар тарата бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының жанынан құрылған жаңа радио ұжым, тәулік бойы елден және өңірден ақпарат жеткізіп, облыс тұрғындарының әсем-әуен, әуезді күймен сусындап, рухани қуаттануына өзіндік үлес қоспақ. 1997 жылға дейін облыста радио болған. Араға ширек ғасыр салып, бағыты мен бағдарын жаңартып, білікті жас мамандармен толықтырылған радио алдымен облыс орталығы мен шалғай елдімекендерге таратылады. Жеке дара жиілік алғанға дейін бір жылдай уақыт дайындық жұмыстары жүргізіліп, қажетті музыка қоры жинақталды. Жаңа радионың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, өз алдына жеке ғимарат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Ал болашақта еліміздің өзге де аймақтарының толқындарына шығу жоспарланған. «Қырғызстан жаққа, Қордай жаққа барсаң қырғыздың радиосы, Қытай шекарасына шықсаң Қытайдың радиосы сөйлеп тұрады. Сондықтан біз Жаркент аймағын, Алакөл, Райымбек ауданын, бірінші кезекте сол жақты қамтуға тырысып жатырмыз. Әзірге Шаған тауының басында бір радиотаратқыш құрылғымыз қойылды. Ол осы Талдықорған аймағын қамтып тұр»,- дейді «Жетісу» радиосының жетекшісі Есболат Айдабосын.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық