jasqazaq.kz

Алматы облысында жетім балалардың мүлкі заңсыз сатылған

21 тамыз 2017, 11:11

Алматы облысында жетім балалардың мүлкін сатқан және жалға берген қамқоршылары жазаға тартылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты аймақ прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура органдары қамқорлыққа алған жетім балалардың мүлкін сату бойынша бес дерек анықтаған. Осыған байланысты қамқоршылармен қоса, сату бойынша келісімшарт жасаған нотариустар мен қомқорлыққа алу органдарының қызметкерлерін жауапқа тарту қарастырылып жатыр. Барлық сатылған мүлік қалпына келтіріледі. Текелі қаласында балалардың мүлкін олардың рұқсатынсыз жалға беру бойынша екі дерек анықталған. Бұдан түскен пайда шамамен — 350 мың теңге. Қазір бұл қаражатты балаларға қайтару және кінәлілерді жазалау жолы қарастырылып жатыр. Талғар ауданында да осыған ұқсас 11 дерек анықталған. Бұл әрекеттер үшін салынатын айыппұл көлемі — 400 АЕК. Прокуратура сараптамасы қамқоршылардың балалардың денсаулығы, тұрмыс жағдайы мен өзге де тұстары жайлы еш есеп бермейтінін көрсетті. Қазіргі кезде прокуратура өкілдері бұл олқылықтардың орнын толтыру жолдарын қарастырып жатыр.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде