jasqazaq.kz

Алматы облысында жеті айлық қызын еденге лақтырған әйел сот алдына келді

11 қазан 2017, 14:32

Алматы облысында өзінің жеті айлық қызын еденге лақтырған 28 жастағы Марина Тюменцева сот алдына келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау») айып тағылды.

Бүгін алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ата-ана құқығынан айыруға қатысты азаматтық істің тыңдалымы әлі басталған жоқ. Марина Тюменцева мен оның балаларының тағдырын Алматы облыстық № 2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешетін болады. Осыған дейін осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны хабарланған болатын. Еске сала кетейік, безбүйрек ананың видеоға түсірілген қылығы Интернет қолданушыларын ашуландырған еді. Кадрлардан ашуланған әйелдің жылап жатқан сәбиін видеоға түсіріп тұрған ер адамның көзінше еденге лақтырып жібергенін көруге болады.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=28&v=Aa8YVSnoUjs

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде