jasqazaq.kz

Алматы облысында жауапсыз махаббаты үшін атыс ұйымдастырған ер адам ұсталды (Видео)

01 маусым 2021, 14:12

Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында ер адамды аяғына оқ атқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға биылғы 21 сәуірде болған. Сол кезде жігіт қолына қару алып, өзінің сүйіктісін іздеген.

Нәтижесінде үй тұрғындарының бірі — 62 жастағы ер адам жарақат алды. Кейінірек зейнеткердің аяғын кескені белгілі болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Жәбірленушінің туыстары шабуылға куә болды. Кешкісін үйдің жанында оқ атылды. Отағасы не болғанын көру үшін сыртқа шығып, жарақат алған.

«Ол әкемді атты, әкем табалдырыққа құлап, қансырап жатты. Оны бәріміз білеміз, бұл менің қайын сіңлімнің бұрынғы жігіті. Оны тастап кеткеніне көне алмай жүр. Ол жынды, маскүнем, нашақор. Үйде ол бәрін қорқыта бастады, тіпті тапаншаны маған және сіңліме бағыттады», — деді Әсел Қайырбаева.

Зардап шеккендердің айтуынша, ер адам басты қақпадан өтпек болған. Құлыпқа оқ атқан. Нәтижесінде үйдің ауласына кірген.

Ер адам қызды таба алмаған. Ол жасырынып үлгерген. Кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды. Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 24-бабы, 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу»бойынша тергеліп жатыр.

«31 мамыр күні кешке іздестіріліп жатқан Қаскеленнің 29 жастағы тұрғыны Тұрар ауылында ұсталды. Қамауға алынған адам мас күйінде қылмыс жасағанын түсіндірді. Мылтықты су қоймаларының біріне лақтырып жіберген, содан кейін ол әртүрлі жерлерде жасырынып жүрген», — деп атап өтті облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия