
Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды.
Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады. Көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. «HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне созылған. Оқиға орнында жеңіл машинаның жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға түсті», — деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Қазір аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.