jasqazaq.kz

Алматы облысында жантүршігерлік апат болды (видео)

09 наурыз 2021, 14:22

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды.

Апаттың кадрлары Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Фото мен видеодан автобустың жеңіл көліктің алдынан түгін қалдырмағанын көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Алматы облысындағы Талғар — Ақбұлақ жолында болды.

«1980 жылы туған ер адам қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерде жолаушылар болмаған», — делінген хабарламада.

Оқиғаға Алматы облыстық полиция департаменті өкілі пікір білдірді. Ведомстводағылар апат 9 наурызда сағат шамамен 8.00-де болғанын айтты.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі ПАЗ-3206 жүргізушісіне жол бермеген. Салдарынан екеуі соқтығысты. Оқиға болған жерде Mitsubishi Galant көлігінің 41 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды, басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп атап өтті полиция департаменті өкілі.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия