jasqazaq.kz

Алматы облысында жаңбырдан кейін екі ауылды су басты (Видео)

23 мамыр 2022, 10:01

Алматы облысындағы Кербұлақ ауданында екі ауылды су басты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ауылдарды су басу туралы шақыру кезекші пультіне түскен жоқ. Өткен кеште әлеуметтік желілерде хабарламалар мен видеолар пайда болған. Сөйтсек, Байғазы және Қоғалы ауылдарында жауын-шашыннан бірнеше көшені су басқан.

«Қоғалы ауылында көлбеу ағын пайда болды, кейіннен су Панфилов, Жандосов және Тобаяқов көшелерімен өтті, сондай-ақ Жандосов көшесіндегі бір аула аумағынан су ағып өтті, үйлерді су басқан жоқ. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Ал Байғазы ауылында жергілікті өзендегі су деңгейі көтеріліпті. Нәтижесінде бірнеше үйдің аулалары зардап шекті.

«Өзен арнасынан шыққан су Абай көшесі бойынша 2 бақшаны және Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің ішінара аула аумақтарынан ағып өтті. Қаза болғандар, зардап шеккендер жоқ және қирау болған жоқ, жағдай тұрақты», — деді ведомстводағылар.

Оқиғаның себебін анықтау үшін ауылдарға ТЖ департаментінің қызметкерлері шықты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris.p.original

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр