jasqazaq.kz

Алматы облысында Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

09 тамыз 2017, 12:35

Алматы облысында ұсталған 1987 жылғы ер адам 2016 жылдың қазан айынан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген, — деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік азаматты Талғар АІІБ көші-қон полициясы профилактикалық рейдтер барысында Кеңдала ауылынан ұстаған. Полициядағылар ұсталған ер адамның уақытша қамауға алынғанын және экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. «Ер адамды өткен жылдың қазан айынан бастап Өзбекстан құқық қорғау органдары бері іздеужарияланған екен. Ол аса ірі көлемде ақша жымқырған. Біздің елде ол әр түрлі құрылыс нысандарында жұмыс істеп келген. Оның кім екені арнайы іздеуде жүрген адамдар базасы арқылы анықталды», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Алматы облыстық полициясының көмегімен жыл басынан бері басқа елдерде іздеуде жүрген 13 азамат ұсталды.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде