jasqazaq.kz

Алматы облысында заңсыз спирт тасымалдаушы ұсталды

08 желтоқсан 2020, 10:36

Алмат облысының Қарасай ауданының аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімдерді тасымалдау және сақтау фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тасымалдаушы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті және Қарасай ауданы полиция бөлімі өкілдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында қолға түсірген. Сондай-ақ, 12,2 тонна көлемінде спиртке тән исі бар сұйықтықты тасымалдап бара жатқан «Вольво» маркалы автокөлігі ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия