jasqazaq.kz

Алматы облысында заңсыз қару тәркіленді

04 наурыз 2020, 15:10

Алакөл ауданында учаскелік полиция инспекторы шекара маңын шолу барысында жергілікті тұрғындардан тіркелмеген үш қаруды тәркіледі.

«28 ақпан күні шекара маңында орналасқан «Сары бөктер» таулы аумағын шолу кезінде екі жергілікті тұрғында ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшы мылтықтары бар деген ақпарат алдым. Алғашында 48 және 30 жастағы екі тұрғын қаруларын өз еркімен тапсырудан бас тартқанымен, түсіндіру жұмыстарынан кейін мылтықтарын жасырған орындарды көрсетті. Бір тұрғын көрсеткен орын – қораның шатырынан екі қару — 16 калибрлі тегіс ұңғылы және ойық ұңғылы аңшы мылтықтары тәркіленді. Екінші тұрғын атаған орыннан – үйілген шөп ішінен ойық ұңғылы аңшы мылтығы табылды», — деді аудандық учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Жақыпбеков.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары тәркіленген қарулардың шығу тегі мен қылмыстарға қатысы барын тексеруде, деп хабарлайды zakon.kz. Жыл басынан бері Алматы облысының тәртіп сақшылары тіркелмеген 26 қаруды анықтап, тәркілеген. Оның ішінде үшеуі ойық ұңғылы аңшы мылтықтары.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі