jasqazaq.kz

Алматы облысында ұсталған алаяқ жүк көлігінің жүргізушісін тонаған болып шықты

15 қазан 2017, 15:07

Алматыда ұсталған алаяқ Алматы облысында жүк көлігі жүргізушісінің 6 млн теңгесін ұрлау ісіне қатысы бар болып шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі атап өткендей, өңірдің полицейлері 12 қазанда Алматыда ұсталған алаяқтың Іле ауданындағы бірқатар қылмыстарға қатысы барын анықтады. Полиция хабарлағандай, 34 жастағы ер адам Алматы облысында болған қылмыстарға, атап айтқанда екі алаяқтық ісі мен бір ұрлық жасау фактісіне қатысты түсінік берді. «Күдіктінің 25 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысынан Іле ауданына келген жүк көлігі жүргізушісінің тоналуына қатысы бары дәлелденді. Зардап шегушіге күш көрсету арқылы 6 000 000 теңгесін алған. Сондай-ақ, осы ауылдың тұрғындарына қатысты екі алаяқтық фактісі анықталды», — деп түсіндірді баспасөз қызметі. Қазір ұсталушы қамауда отыр. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде