jasqazaq.kz

Алматы облысында үйін сағынып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

16 мамыр 2021, 16:40

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі сағат 3:00 шамасында қолға түсті. Оны әскери полиция қызметкерлері Сарыөзек стансасынан тапқан. «Қашып кеткен азамат үйін сағынғандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір Мырзабаев Отан алдында борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соған сәйкес тиісті тәртіптік шара қолданылатын болады» делінген Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі тартқан хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан 5574 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев қашып кетті. Оны әскердің жеке құрамы іздеп, қолға түсірді. Айта кетейік, Д. Мырзабаев Шығыс Қазақстанның Жарма ауданынан әскерге шақырылған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде