jasqazaq.kz

Алматы облысында түрмеге есірткі лақтырған адам ұсталды

30 маусым 2021, 16:10

Бостандықта жазасын өтеп жүрген сотталушы колонияға есірткі лақтырып жатқан жерінен ұсталды, хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/14 мекемесінің қызметкерлері ер адамды ұстады. Тыйым салынған заттарды түрмеге өткізбек болған азамат бұрын сол мекемеде жазасын өтеген. Облыстық ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұрын Заречный кентіндегі орташа қауіпсіздік мекемесінде зорлық үшін жазасын өтеп шыққан. Ол қорғалатын аймаққа заңсыз еніп, скотчпен оралған екі ораманы тастауға тырысты. Түйіншектерде 3 граммға жуық шығу тегі белгісіз есірткі заттары, 2500 дана «Травмадол» дәрілері, 2 ұялы телефон және 53 SIM карта жасырынған. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізу фактісіне жол берілмей, ер адам ұсталды. «Бұл жағдай жайлы өз түсініктемесінде ұсталған азамат Алматы облысындағы мекеменің аумағына тыйым салынған заттарды бірнеше рет жібергенін мойындады. Аталған факті бойынша тәркіленген заттарды анықтау және одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды», — деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия