jasqazaq.kz

Алматы облысында туристі Шарын өзенінің ағыны алып кетті

01 шiлде 2021, 13:25

Алматы облысында 37 жастағы ер адамды суретке түсу кезінде өзен ағыны алып кетті. Құтқару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 шілдеде сағат 11.15-те «112» пультіне Алматы облысының Кеген ауданында 1984 жылы туған ер адамды Шарын өзенінің ағыны алып кетті. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 15 адам мен 4 бірлік техника. Оқиға орнына сағат 12.05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 8 адам мен 1 кинологиялық есеп. Сағат 13.00-де оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы ұшып шықты.

Қосымша күштер мен құралдар жіберілетін болады», — деді министрліктің баспасөз қызметінен. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам туристік топпен жүрген. Фотоға түсу кезінде қауіпті аймақта аяғы тайып кетіп, суға құлаған. Оны өзен ағыны алып кетті.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия