jasqazaq.kz

Алматы облысында төбелес болды (Видео)

07 шiлде 2021, 16:00

Алматы облысындағы демалыс аймақтарының бірінде төбелес болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам бассейнде кәмелетке толмаған қыздарға тиісті деп айыпталған соң жанжал басталған. Полиция департаментіндегілер оқиғаның анық-қанығын айтып берді.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеодан тұрғындардың белгісіз ер адамды қоршап алғанын көруге болады. Олардың арасындағы әңгіме төбелеске ұласқан.

«Бассейнде ер адам қыздарға тиіскен. Әрине, су астында. Бұл сексуалды сипаттағы қарым-қатынасқа ұқсас. Мекеме әкімшілігіне шағым жасаған едік, мұндай жағдай болса, қыздарды бассейнге түсірмеңдер деген жауап алдық. Қызым 17-де, қарындасым 18-де.

Бұл қалай деп сұрадым? Мен ақша төлеймін, ал балаларым жағада отыруы қажет пе? Осыдан кейін әкімші күзетшіні шақырып, сол адамды тауып келуін сұрады. Жарты сағаттан кейін мені және қыздарды шақырып, сол адамды тапқандығын айтты. Ол орын үшін ақша төлегісі келмеген және қызым мен қарындасым су астында тиіскен адам сол екенін таныды.

Шатырға барған кезде шағымданған бір топ адамды көрдім. Сол күні ер адам тек менің қыздарыма ғана тиіспеген екен. Ол мас болған және тағы екі қызға тиіскен: бірі – 14 жаста, екіншісі – 16 жаста», — делінген жазбада.

Алматы полиция департаментіндегілер 5 шілдеде шамамен сағат 18:30-да демалыс аумақтарының бірінде демалып жүрген әйел хабарласып, суда шомылып жүрген 16 жастағы қызына тиіскен ер адамға қатысты шара қабылдауын сұрағанын айтты.

«Қазір күдіктінің Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының 34 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Тергеу барысында оқиғаның анық-қанығы анықталып, шешім қабылданады», — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия