jasqazaq.kz

Алматы облысында ТМД-да іздеу жарияланған қылмыскерлер ұсталды

15 наурыз 2019, 14:04

ТМД елдері іздеу жариялаған қылмыскерлер Алматы облысында ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Полициядағылардың мәліметінше, олар екі күн ішінде отызға жуық қылмыс жасағандарды ұстаған. Оның 8-і — Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Башқұрт елдері халықаралық іздеу жариялаған қылмыскерлер. «Облысымызда «Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында полицейлер қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған 28 адамды ұстады. Із-түзсіз жоғалған сегіз адамның мекенжайы анықталып, бұған дейін жасалған 19 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, осы кезге дейін тұлғасы анықталмаған 3 мәйіттің жеке мәліметтері анықталды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Ведомствоның мәліметінше, көрші мемлекеттерде қылмыстық әрекет жасады деген күдікпен іздеу жарияланған 8 адам ұсталды. «Қарасай ауданында Өзбекстан Республикасы мемлекетаралық іздеу жариялаған төрт адам ұсталды. Талғар және Іле аудандарында Ресейлік әріптестер іздеп жатқан екі адам ұсталды. Талғарда Башқұрт елі іздеу жариялаған бір адамның мекенжайы анықталса, Текеліде Әзірбайжан мемлекетінде қылмыс жасап, жасырынған 33 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды»,- деді ведомство өкілдері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық