
Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал – Достық тас жолы жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
22 желтоқсан күні сағат 10:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран) республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының (84-184 км, Көктұма-Достық ) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектеулі.
Алматы облысы ТЖД
Облыстық ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тарта тұруды сұрайды.