jasqazaq.kz

Алматы облысында судья 9 жылға сотталды

23 шiлде 2021, 13:56

Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке қатысты соталды тергеу аяқталды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Сүлейменов орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдырғаны үшін облыстық судьяларға беремін деп 12 миллион теңге сомасында ақша алды деп күдікке ілінген. Алайда облыстық сот Юлдашовқа айыптау үкімін шығарды. 2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық сотымен Сүлейменов 9 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», — деді Биғайдаров брифингте.

Осы үкім бойынша Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін және Имиров пара беруге қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия