jasqazaq.kz

Алматы облысында су бөгетінің жарылуы: қазір не болып жатыр?

22 қараша 2021, 10:53

Алматы облысы Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар қызметі Книжевского су қоймасындағы бөгеттің жарылуынан кейінгі жағдай туралы айтты.

Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды.

22 қараша 7 сағат 30 минуттағы мәлімет бойынша, Мыңбаев ауылындағы бөгетте су деңгейі төмендеді.

«Су жарылған бөгеттен ағып жатыр. Оның ені 4 метр. Ағып жатқан судың көлемі 5-6 куб метр. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жол арқылы да су ағып жатыр. Ағынды судың тереңдігі 5 сантиметр, енді 30 метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Су деңгейі төмендеді», — деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айбек Жанаев.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында орналасқа Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлады.

Бөгет 21 қарашада сағат 23.13-те жарылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде