jasqazaq.kz

Алматы облысында су басуы мүмкін 40 қауіпті аймақ анықталды

26 ақпан 2020, 17:58

Жетісу жері – еліміздегі ең сулы аймақтардың бірі. Алматы облысының өзінде ғана 500-ге жуық ірілі-ұсақты өзен көл бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Күн күрт жылыса, солардың біразы арнасынан асып, тасуы мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті мамандары өзге құрылымдармен бірлесе «Көктем — 2020» оқу жаттығуын өткізді. Жоспарланған сценарий бойынша Қаратал өзені тасып, жақын маңдағы үйлерге қауіп төндірген. Соған сәйкес, мамандар азаматтарды эвакуациялады. Ал ауыр техникалар ағын судың арнасын тазалап, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар арғы бетте қалып қойған балықшыларды өзеннен өткізіп, шеберліктерін шыңдады. Өту мүмкіндігі жоғары көліктер де сынақтан өткізілді. Мұндай оқу жаттығу жиындары өңірдің барлық аудан қалаларында ұйымдастырылды. Жалпы өңірде төтенше жағдайды болдырмау және оның салдарын жоюға 2 млрд теңге қарастырылып отыр.

Асқар Тойшыбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Алматы облысының аумағында су басуы мүмкін деген 40 қауіпті аймақ анықталып отыр. Соған сәйкес, шұғыл әрекет ету жасағы мен өзге де құрылымдық күштер күшейтілген жұмыс кестесіне көшіріліп, сақадай сай тұр. Сонымен қатар 157 эвакуациялық пункт дайындалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия