jasqazaq.kz

Алматы облысында сотталғандар ішін тіліп тастады

21 желтоқсан 2018, 11:01

 Алматы облысында ішін тілген жазасын өтеушілер жақын арада Заречныйдағы түрмеге қайтарылады. Дмитрий Артющенко мен Жәнібек Байбосын бірнеше күннен бері Қапшағайдағы ауруханада жатыр. Қазір денсаулықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

15 желтоқсанда Ла155/12 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер әлеуметтік желіге осындай бейнежолдау жүктеді. Ертеңіне олар өлім аузында жатқан күйінде табылды. Жігіттер іштеріне темір сым тыққан. Бұл әрекеттері арқылы түзету мекемесіндегі бассыздыққа қоғамның назарын аудартпақ болыпты. Олардың айтуынша, түрмеде көрмеген қорлықтары мен қиындықтары жоқ. Қатты қысымға ұшыраған көрінеді. Оның үстіне сотталушылар әлі күнге дейін қыстық киімнің берілмеді деп шағымданды. Ал облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бұл айтылғандарды жоққа шығарып отыр. Яғни жазасын өтеушілердің бұлай даурығатындай жөні жоқ.

Нұрлан Қалиақпаров Алматы облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары:

-Олар қыстық киім берілмейді деп арызданды. Бірақ құжат бойынша берілген. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша олардың кінәсі дәлелденсе, қосымша жазаланады. Егер түзету мекемесі қызметкерінің телефонды ішке алып өтіп, оларға бергені анықталса, ол жұмыстан шығарылады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық