jasqazaq.kz

Алматы облысында Range Rover түйемен соғысты: Бес адам қаза болды

19 қыркүйек 2017, 11:48

Алматы облысында жабық тасжолда болған жол апатынан бес адам қаза болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданынан өтетін «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тасжолында болған. ІІД мәліметінше, тізгінінде 43 жастағы алматылық әйел отырған Range Rover көлігі Айдарлы ауылының маңында түйемен соғысып, аударылып кеткен. Жүргізуші әйел мен тағы үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі кейінірек ауруханада қайтыс болған. Түйе де оқиға орнында өліп қалған. Оның иесі әлі анықталмады. Полициядағылар жол апаты болған тасжолдың құрылысы әлі аяқталмағанын және соған байланысты бұл жерде автокөлік қозғалысына тыйым салынғанын айтып өтті. «Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық тергеу басталды», — делінген ІІД хабарламасында.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде