jasqazaq.kz

Алматы облысында психикалық ауытқуы бар ер адам екі оқушы қызды дәретханада зорламақ болған

12 шiлде 2022, 11:02

Алматы облысында психикалық бұзылысы бар ер адам екі оқушы қызға тап беріп, тиіспек болған. Қыздар қаскөйдің қолынан сытылып үлгерген. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, екі дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 120-бабы, 3-2-бөлігі, яғни «Зорлауға оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 шілдеде полицейлерге кәмелетке толмаған екі қыздың ата-анасы атынан арыз түсті.

«Арызданушылар Шонжы ауылының қоғамдық дәретханаларының бірінде қыздарына (екеуі де 17 жаста) тап беріп, зорламақ болған белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды талап етті», — делінген хабарламада.

Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады.

«Оның психикалық дамуы тежелген, мүгедектігі бар және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады», — деп хабарлады ведомстводан.

Түпкілікті процессуальдық шешім факті бойынша тағайындалған арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай қабылданатын болады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр